ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, 16 сәуір күні сағат 09-50 минутта Екібастұз ауданының «Шандақсор» су қоймасында мұздың жарылуының салдарынан 8 балықшы жағалаудан жырақта қалып қойған.
Павлодар облыстық жедел-құтқару қызметі өкілдерінің жедел әрекеттерінің арқасында балықшылар құтқарылып, олар осы уақытта қауіпсіз аймаққа жеткізілді.