Павлодар облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс төмендеуде

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында ағымдағы жылдың І жартыжылдығында кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың саны, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 205 фактіден 187-ге дейін төмендеп отыр,

деп   хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық  ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен  хабарлағанындай,   ағымдағы жылдың алты айында    225 кәмелетке толмаған    қылмыскер  жауапқа тартылған,  былтыр  бұл  кезеңде   301 жас қылмыскер   жауапқа тартылған    болатын.  Оның ішінде, 77   жас  құқықбұзушы      қылмыстарды  өз  серіктестерімен    жасаса, 55  жасөспірім -  ересектермен бірге жасаған, 18   жасөспірім -    алкогольге мас   жағдайда    қылмыс жасаған.

Жасөспірімдер арасындағы  қылмыстың  жалпы көрсеткіші  төмендегеніне қарамастан,  Баянауыл, Май,  Өспен, Шарбақты аудандары мен облыс орталығында    кәмелетке толмағандар    жасаған   қылмыстардың  саны өскені   тіркеліп отыр.