«ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті «Покер« құмар ойынына арналған астыртын клубты заңсыз ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мекемеде ойыншылар, қызмет көрсетуші персонал, сондай-ақ ойын карталары, фишкалар және ойынның басқа да атрибуттары табылып, тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де ақпараты ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген ресми хабарламада.
Видеодан алынған кадр