Баланы құрлық пен суда 30 адам іздеп жатыр. Олардың алтауы жедел-құтқару жасағының қызметкері, олардың ішінде сүңгуірлер бар, Ақсу өрт сөндіру бөлімінің бес қызметкері, Ақсу ТЖБ екі қызметкері, сонымен қатар еріктілер. Олар өзеннің түбін және канал маңындағы аумақты тексерді.
Еске сала кетейік, бала ата-анасымен және бір топ балдырғанмен жағажайда болған. Ересектер оның жоғалғанын бірден аңғара қоймаған.