Бұл туралы бүгін Павлодар облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «2016 жылы жазғы кезеңдегі судағы төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары туралы» атты баспасөз жиынында облыстық ТЖД бастығы Әлібек Длимов мәлім етті.
- Ақтоғай ауданында жоғалып кеткен тәртіп сақшысы мен ауыл тұрғынына суда да, құрлықта да іздеу салынды. Әзірге қос азаматқа қатысты нақты қандай да бір ақпарат беру ерте. Іздестіру шаралары жүргізілуде, - деді Әлібек Длимов.
Айта кетерлігі, 2 маусым күні 35 жастағы Жәнібек Қасенов есімді учаскелік инспектор мен 43 жастағы Александр Дымов түнгі 23.00-ден кейін Ертіс өзеніне кеткен. Кейін өзен жағасынан олардың аударылған қайығы табылған. Әлібек Длимовтың айтуынша, биылғы жыл басынан бері алты адам суға кеткен. Олардың екеуі - бала.
Соңғы екі жылда адамдардың суға кету фактілері шомылуға тыйым салынған орындарда тіркелген. Статистикаға сүйенсек, суға кеткендердің 70 пайызы - мас күйінде шомылғандар.
20:39, 07 Маусым 2016
Павлодар облысында жоғалып кеткен тәртіп сақшысы мен ауыл тұрғыны іздестірілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтоғай ауданында іс-түссіз жоғалған екі азамат іздестірілуде. Олардың бірі - аудандық полиция қызметкері, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.