2020 жылғы 29 тамызда сағат 11:20-да полицияға жол апаты болғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел түрде Баянауыл ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жетті.
Олар жол апатының «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер» автожолының 91 шақырымында болғанын анықтады.
«ВАЗ 21713» автокөлігін тізгіндеген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Баянауыл тұрғыны басқарып келе жатқан «ВАЗ 21703» автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ 21713» автокөлігінің жүргізушісі және оның үш жолаушысы, «ВАЗ 21703» автокөлігінің бір жолаушысы мерт болды. Тағы екі адам жарақат алып ауруханаға түсті.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамасы тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.