Павлодар облысында жол апатынан үш адам ауруханаға түсті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Майқайыңда «Лада Приора» маркалы автокөлік жаяу жүргіншіні қағып, бағанаға барып соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтыншы желтоқсан күні сағат 23:50-де Баянауыл ауданы Майқайың ауылында «Лада Приора» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульді игере алмай жаяу жүргіншіні қағып, жарықтандыру бағанына соғысқан. Жол апаты кезінде жаяу жүргінші мен екі жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады тілшілерге Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші сау болған, көлік айып тұрағына қойылды. Тексеру жүріп жатыр»,-делінген хабарламада.