Павлодар облысында жол апатынан жеті адам зардап шекті
16:06, 25 Желтоқсан 2017
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жолдағы көктайғақ кесірінен Павлодар облысында екі көлік бетпе-бет соғылысып, салдарынан жеті адам жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде екі бала бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Екібастұз-Майқайың тас жолының 13-ші шақырымында «Рено» автомобилінің жүргізушісі, жол қауіпсіздігін ескермей «ВАЗ» көлігімен бетпе-бет соғылды», - деп хабарлайды жергілікті ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.
Жарақат алған жеті адамның ішінде 2013 және 2014 жылдары туған екі бала бар.