Оның айтуынша, бүгін Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты Майқайың ауылына жақын жерде, «Қалқаман-Баянауыл-Керней» автожолының 135-ші шақырымында «Мерседес» маркалы жолаушылар автобусы бұзылған. «Павлодар-Баянауылға» қатынайтын автобуста 12 жолаушы болған.
«Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оларды сағат 12-00-де құтқарып, Майқайың ауылындағы жылыту пунктіне жеткізді. Жолаушыларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Сағат 14-25-те барлық жолаушылар жол-жөнекей көліктермен діттеген жерлеріне аттанып кетті», - деді ресми өкіл.