Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Пограничник ауылының жанындағы «Павлодар-Қызылорда» трассасын патрульдеу кезінде Қалқаман ауылының полиция бөлімінің қызметкерлері капитан Нариман Аронов пен полиция сержанты Махади Терлуев жол жиегінде тұрған «Мерседес» жүк көлігін байқаған. Жүк көлігінің жүргізушісі серіктесімен бірге Ресей Федерациясының Барнауыл қаласынан Тәжікстан Республикасына келе жатқанын айтқан.
- Ауа температурасының -30 градусқа дейін қатты төмендеуіне байланысты автокөлікте дизель отыны қатып қалған. Жүргізушілер ақауды өз бетінше жоя алмай, көлікте тоңып қалған. Қосымша айдап әкелінген техниканың арқасында жүк көлігі Қалқаман ауылына жеткізілді. Онда жүргізушілерге тамақ, жылы монша және түнеу үшін орын берілді, - деді департаментте.
Келесі күні тәртіп сақшылары қысқы дизель отынын тауып, көлікті жылытып, рейске дайындау үшін біршама жұмыстар атқарды.
Риза болған саяхатшылар полицейлерге кәсібилігі және қиын жағдайда көмек көрсеткені үшін ризашылықтарын білдіреді.
- Полиция қызметкерлеріне осы апатта бізді жалғыз қалдырмағаны үшін рахмет. Өте қатты аязда олар өтіп кетпей, бізге көмектесті және паналарына алды. Осындай жауапты, нағыз полицейлер бар екеніне өте қуаныштымын. Мен барлық ризашылығымды сөзбен жеткізе алмаймын, - дейді жүк көлігінің иесі Мухаммадджон Нормухаммадов.