Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұз өңірінің құтқарушылар пультіне бүгін, 23 қаңтарға қараған түні сағат 04:00 шамасында 40 апта жүктілік мерзіміндегі әйелді әкеле жатқан жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойғандығы туралы хабарлама түскен. - Оқиға орнына көмек көрсету үшін жедел түрде «Трэкол» жол талғамайтын көлік құралымен 2 құтқарушысы бар жедел құтқару жасағының кезекші ауысымы жіберілді, - деді департаментте. - Сондай-ақ екінші жедел жәрдем көлігі шықты. Алайда ол қаладан 15 шақырым қашықтықта қар құрсауында қалып қойды. Құтқарушылар 2 медициналық қызметкер мен жолда тұрып қалған автокөліктен екі адамды, яғни, босанатын әйелді жұбайымен бірге қар құрсауынан алып шықты. Жедел-құтқару жасағы сағат 06:36-да Екібастұз қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан емдеу мекемесіне тасымалдау үшін күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне жолаушыларды алып барды.
11:21, 23 Қаңтар 2020
Павлодар облысында жүкті әйелді әкеле жатқан жедел жәрдем қар құрсауында қалған
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Төртқұдық ауылынан Екібастұз қаласына бағыт алған жедел жәрдем көлігі Шідерті кентінен 20 шақырым жерде тасжолда қар құрсауында қалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.