«7 қыркүйек күні сағат 12:21-де полицияға Павлодар облысы Ақсу ауданының Қалқаман ауылында болған жазатайым оқиға бойынша қоңырау түсті. Анықталғандай, Промышленная көшесі, 1 мекенжайы бойынша бір ЖШС-нің бетон плиталарды орнату кезінде 25 жастағы жұмысшысына қоршаудың бетон плитасы құлаған.Алған жарақаттарынан жас жігіт оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ