16:15, 10 Сәуір 2009
Павлодар облысында жүрген Сенат Төрағасы аймақтың идеологиялық активімен кездесті
АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың идеологиялық активімен кездесті, деп хабарлайды Қазақпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесудің негізгі тақырыбы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан - дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін талқылау болды.Кездесуге қатысушылардың алдында сөз алған Қ.Тоқаев құжаттың салалығы мен маңыздылығы Қазақстанның даму сатысының күрделілігімен белгіленетінін атап өтті.Әлемдегі көптеген мемлекеттер секілді біздің еліміз дағдарыстың ауыр аймағына түсті. Қазіргі әлемдегі қаржы-экономикалық барлық жүйе шайқалып кетті. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет құрылысындағы маңызды мәселелерге назар аударды.Құжаттың маңыздылығын атап өте келе, «Жолдауда экономиканың қазіргі ауыр жағдайы ғана емес, дағдарыстан шығу жөнінде де нақты ұсыныстар мазмұндалған», - деді Қ. Тоқаев.Жолдау аясындағы мемлекеттік билік алдында тұрған міндеттерге тоқталған төраға, «Парламент дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қысқа мерзімде орындауға мүмкіндік беретін қажетті барлық заңдарды қабылдай отырып атқарушы билікпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді», - деді.Сенат Төрағасы жергілікті мәселелер мен еңбекке тарту ісін шешу үшін өзін-өзі басқару органдары ретіндегі аудандық мәслихаттарға қаржы бөлу туралы Мемлекет басшысының ұсыныстары «жергілікті органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмысы аясындағы бірлескен жұмыстың күн тәртібіне енетіндігін» жеткізді.Жолдауда халықты әлеуметтік қолдау мәселесі дәстүрге сай маңызды орын алады. Біздің экономикамыздың жағдайына оң әсер етпеген әлем нарықтарындағы тұрақсыздық жағдайына қарамастан әлеуметтік бағдарламалар еш қысқартуға ұшырамайды.«Алғашқы орында біздің азаматтарымыздың мүдделері, олардың денсаулығын қорғау, ұлттың зерделік әлеуетінің артуы, келешек ұрпаққа қамқорлық тұрады», - деп атап өтті ол.Қ. Тоқаев халықты еңбекке тарту, әлеуметтік жұмыс орындарын сақтау мен көбейтуді қамтамасыз ету шараларының маңыздылығын атап өте келіп, жұмыс орындарын сақтауда өнеге ретінде Екібастұздағы ГРЭС-1 мен ГРЭС-2, «Богатырь Аксесс Көмір», «Майқайыңалтын», «Павлодар мұнайхимия зауыты», «Қазақстан алюминийі» және «Қазақстан электролиз зауыты» секілді ірі кәсіпорындарды атады.
«Біз әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, индустриялық қалалардағы жұмыссыздықтың көбеюіне жол бермеуге міндеттіміз», - деді төраға.