Павлодар облысындағы экономикалық белсенді халықтың саны біраз өскен - статистика
Экономика саласында 405,9 мың адам жұмыс істейді, бұл көрсеткіштің 61,1 пайызын қала тұрғындары құраса, 38,9 пайызын ауылдықтар алады.
Халықтың еңбекпен қамтылу құрылымында 76,5 пайызды жалдамалы жұмысшылар құрайды. Олардың 79,9 пайызы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда жұмыс істесе, 17,6 пайызы жеке адамдарға жалданған, 2,5 пайыз адам шаруа қожалықтарында жұмыс істеген. Гендерлік аспект жағынан алып қарасақ, бұлардың 50,9 пайызы ерлер, 49,1 пайызы әйел адамдар.
Жұмыссыздық деңгейі - 6,2 пайыз, бұл 2009 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 0,4 пайызға кем. Қалалықтар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі - 6,8 пайыз, ауыл адамдары арасында - 5,1 пайыз.
Экономикалық белсенді емес халықтың 44,6 пайызын зейнеткерлер құрайды, күндізгі оқу бөлімінің қатысушылары - 41,7 пайызға ие.