«2017 жылғы төртінші тоқсанындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 89968 теңгені құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,3%-ға артық көрсеткіш. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыстары 2,8%-ға төмендеді.Сонымен қатар, қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 146,1 мың теңгені, немесе 2016 жылдың сәйкес тоқсанына 109%-ды құрады. Нақты жалақы индексі - 100,6%. Жалдамалы қызметкерлер ретінде 199,7 мың адам тіркелді, - дейді департаментте. Айта кетейік, 2017 жылғы төртінші тоқсанда жұмыс күшінің саны 413,1 мың адамды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 70,6%-ын құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде 2018 жылғы наурыздың соңына 4,8 мың адам тіркелді. Бұл жұмыс күшінің 1,2%-ға тең.
18:56, 15 Сәуір 2018
Павлодар облысындағы халық саны 755 мыңға таяды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 1наурызға Павлодар облысы халқының саны 754,6 мың адамды құрады. Қала халқы - 533,4 мың адам (70,7%), ал ауыл халқы - 221,2 мың адам (29,3%). Бұл туралы облыстық Статистика департаменті мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.