Павлодар облысындағы ірі қара малдардың 1%-ы бруцеллез ауруын жұқтырған

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалында «Агробизнес-2020» агроөнеркәсіптік кешеннің даму бағдарламасын жүзеге асыру және ветеринариялық қауіпсіздік жағдайы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аграрлық сектор» бағыты бойынша партияның облыстық филиалының комиссиясы және облыстық мәслихаттың аграрлық мәселе жөніндегі тұрақты комиссиясының біріккен отырысында ветеринария басқарма басшысының орынбасары Базарбай Сәпенов ветеринарлық профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар үшін 2016 жылы 567 миллион теңгенің бөлінгенін хабарлады.

«Алайда, аса қауіпті аурулардың алдын алу шараларына қарамастан, ірі қара және ұсақ малдың бруцеллезды жұқтыруы күрделі мәселе болып тұр. Жыл басынан бері 312 166 бас ірі қара мал тексерілді және оның 3052-сі немесе 1% ауру жұқтырған», - деді Б.Сапенов.