Павлодар облысындағы мемлекеттік органдардың басшылары журналистерге 2010 жылдың алты айындағы жұмыстары туралы айтып береді
09:09, 12 Шілде 2010
ПАВЛОДАР. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Шілдеде облыс орталығында аймақтағы барлық мемлекеттік органдардың басшылары жергілікті журналисттерге 2010 жылдың алты айында атқарған жұмыстары мен екінші жарты жылдықтағы жоспарлары туралы айтатын баспасөз конференциясы өтеді, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Газет, телевидение және радио журналистерімен балалардың құқығын қорғау жөніндегі департамент директоры Гүлбарам Наурызбаева кездесіп үлгерді. Ол балалар үйінің түлектеріне арнап арнайы жастар тұрғын үйін салуды ұсынды.
Павлодар облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы Галина Давдрикова Кеден одағына қосылу азық-түлік тағамдарына әсер етпейтініне сенімділігін білдірді.
Бүгін, шілденің 12-сі күні облыстағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Қанат Шәбновтың қатысуымен баспасөз мәслихаты және журналистердің облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Владимир Берковскиймен кездесу өтеді.