Павлодар облысындағы Павловка ауылының тұрғындары 100 жылдық мерейтойға әзірленуде

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ағымдағы жылы Павловка елдімекенінің тұрғындары ауылдың 100 жылдығын атап өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл елдімекеннің іргесін столыпиндік реформа жылдары Павлодардың Ертіс өңіріне қоныс аударушылар қалаған. Село тұрғындары алғашқы қоныс аударушылар, қазақ жеріне қоныс тепкен ата-балаларының өмірлері туралы естеліктерді жадында сақтайды. Жақында ауыл қарттары жастармен болған кездесуде осы өңірде адамдардың тұрмысын жақсартуға мол үлес қосқан азаматтар туралы естеліктерімен бөлісті.«Бұл ауыл соғысқа 200 ер азаматты жөнелткен, солардың жартысы майданнан оралмаған. Тың игеру жылдары да ұмытылмайды», - дейді қариялар. Оқушылар туған жердің жылнамасына кірген көне фотосуреттермен танысты.