Жиын барысында «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» IV бағытын жүзеге асырудың қорытындысы жан-жақты талқыланды.
Г. Кокинаның айтуынша, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген тұрғындар саны 14%-ды құрайды. Облыста 21 тіл орталығы, оның ішінде 13-і мемлекеттік тілді, 19-ы - ағылшын, қалған 7-еуі басқа тілдерді үйретеді.
«2017 жылы үш тілді бірдей меңгергендер санын 17%-ға жеткізу жоспарлануда», - деп мәлімдеді Г. Кокина.