Павлодар облысының әкімі әлеуметтік желіге тіркелді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Әбілқайыр Сқақов павлодарлықтарға Instagram, Facebook, Twitter-де байланыс орнатуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өңір басшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.

- Instagram-да парақша ашуды жөн көрдім. Облыс әкімі ретінде аймақ жұртшылығын толғандыратын мәселелерді білгім келеді. Ұсыныс-тілектеріңізбен бөлісіңіз, мен ақпарат алмасуға қашанда дайынмын. Сондай-ақ, Facebook пен Twitter-де парақшаларым бар. Ол жерде де хабарласа аламыз, - деп жазды Әбілқайыр Сқақов.