Павлодар облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
08:00, 30 Сәуір 2009
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының кеңсесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Павлодарлықтардың көпшілігі облыс әкімінің алдына баспана мәселелерімен келсе, мүгедек Василий Боженов көп уақыттан бері өзіне қажетті есту аппаратын ала алмай жүргенін жеткізді. Қабылдаудың қорытындысы бойынша бұдан да басқа мәселелер шешімін табатын болды. Қабылдау кезінде айтылған барлық өтініштерді өз бақылауына алған Б.Сағынтаев, тиісті қызметтерге тапсырмалар берді.