«Біз ауданның инфрақұрылымын дамыту жөнінде шеберлік жоспарын қабылдадық. Онда жоғарывольттық жүйе, автокөлік жолдары, кәріздік тазалау жүйелерін салу жоспарланған. Сондай-ақ, Сабындыкөлді тазартып, оның жағалауына қазіргі заманға сай демалыс үйлері мен спорттық-сауықтыру кешендерін саламыз. Бұл жұмыстар басталып та кетті», - деп атап өтті ол.
Әкімнің сөздері бойынша, Үшқұлын стансасынан 80 шақырым жерде жатқан Баянауылға электр пойызы үшін теміржол салу жоспары бар. Ол өз кезегінде Астана мен Павлодарды Баянауылда түйістіретін заманауи транспорттық магистраль салуға да түрткі болмақшы.
«Егер туристер ағыны көбейсе бұл жоба шынымен қажет болады», - деп атап өтті Е. Арын.