Павлодар облысының әкімі Білім басқармасының басшысына сөгіс жариялады

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі жыл ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесі тиімділігін жоғалтқанын, ал өңірдегі аграрлық-техникалық колледждер бұрынғыша еңбек нарығында қажетсіз мамандарды даярлап жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімдіктеөткен кеңесте техникалық және кәсіби білім беру жүйесін трансформациялаужөніндегі жұмыс туралы Білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлыбаяндады. Егер, 2018 жылдың басында ТжәнеКБ ұйымдарыныңжүйесінде 51 нысан болса, қазіргі кезде 44 колледж жұмыс жасайды. Олардың 29-ымемлекет меншігінде. Колледждердегі мамандықтар саны 148-ден 162-ге артып, жаңа 15 мамандық ашылды.Алайда, орта білім беру ұйымдарының жұмысындағы негізгі қиындық кәсібибағыттауға байланысты болып отыр.

«Мен нарықтасұранысқа ие жаңа мамандықтар мен кәсіптерді енгізу туралы талай рет тапсырмабердім. Мамыр айынан бастап маған сұраныстан шыққан мамандықтар көрсетілгенмемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы қаулыларды қол қоюға әкепжүр. Бұлмамандықтарда оқыған түлектер жұмысқа тұра алмайды! Мәселен, жақында ғанареспубликалық басылымдардың бірінде еліміз бойынша сұранысқа ие мамандықтаркөрсетілген мақала жарияланды. Ол мамандықтардың қатарында аспаздар, техниктер,технологтар, кондитерлер бар. Біз болсақ жыл сайын бір оқушыға 1,2 миллионтеңге көлемінде қаржы жұмсап, осы мамандықтар бойынша бюджеттік қаражатбөлеміз. Мәселен, биылғы жылы Успен аграрлық-техникалық колледжінде 15 кондитердаярлауға мемлекеттік тапсырыс бөлдік. Колледждің кондитерлерді даярлауғақауқары жете ме? Сонда, біз қандай кондитерлер даярлап шығарамыз?», - деді аймақ басшысы.

Облыс әкіміаудандарда орналасқан аграрлық-техникалық колледждерге ерекше назар аударды.Тексеріс көрсеткендей, колледждердің көбі өз түлектерінің жұмысқа орналасқанытуралы жалаң есеп береді. Ал, түлектердің тіпті зейнетақы шоттары да жоқ. Яғни,олар міндетті зейнетақы аударымдарын алмайды деген сөз. Соныменқатар, ауылдық колледждердегі әкімшілік және қызмет көрсету персоналының штаткестесі экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Мысалы, 40 жатын орынға лайықталғанАққулы ауданындағы жатақханада тізім бойынша 25 оқушы бар. Ал тексеріс кезінде мұнда 7 студент қана бар екендігіанықталды. Сондай-ақ жатақхана штаты бойынша мұнда меңгеруші, жатақхана бойыншакезекші, шеберхана меңгерушісі, құрал-жабдықтар инженері және басқа дажұмыскерлер қызмет етеді.

Айта кету керек,сегіз оқу мекемесін бір оқу орнына біріктіру туралы тапсырмадан кейінКрасноармейка колледжіне Баянауыл, Май және Аққулы ауданының колледждері ғанабіріктірілді. Болат Бақауов жауапты тұлғалар бұл қадамға осы үшколледжді жаппау үшін ғана барды деп есептейді.

«11 мың адам ғанатұратын Май ауданындағы колледжде кімдерді оқытып жатырмыз? Бұл колледждеқаржының көп бөлігі оқытушылардың еңбекақысы мен көмір сатып алуға жұмсалады. Білімберу басқармасы екі жыл бойы ТжәнеКБ ұйымдарын оңтайландырумен айналысып, осыуақытқа дейін түк бітірмеген. Білім беру басқармасының басшысына әрекетсіздігімен тапсырмаларды орындамағаны үшін сөгіс жариялаймын», - деді Б.Бақауов.

Тағы да бір үлкенмәселе – кәсіби бағыттау жұмысының жүргізілмеуі. Әкімнің айтуынша, бұлбағыттағы жұмыс мүлдем жүргізілмейді.

«Жұмыс сапарымныңбірінде Шідерті кентінде болып, тоғызыншы сынып оқушыларымен кездестім. «Қайдаоқуға түсесіңдер?» деп сұрағанымда 12 оқушының бәрі бірдей Ресейде теміржолшымамандығын алғысы келетіндерін айтты. Шідертіде Қ. Сәтбаев атындағы канал ағып жатыр.Бізгесу ресурстары бойынша мамандар, гидромелиораторлар жетіспейді. Ауылшаруашылығында білікті агрономдар, зоотехниктер, гидротехниктер жоқ. Алөзіміздің балалар туған жерінде оқығысы келмейді. Неге? Өйткені оларды кәсібибағыттаумен ешкім айналыспайды»,- деді ол.

Аймақ басшысыаграрлық-техникалық колледждерді оңтайландыру және кәсіби бағыттау мәселесінтамыздағы педагогикалық конференцияда көтеруге уәде берді. Сонымен қатар, олбұл мәселемен жергілікті әкімдердің орынбасарлары, сондай-ақ қалалық және аудандықдепутаттардың да айналысуын талап етті.



Соңғы жаңалықтар