Бұл туралы өңір жетекшісінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Биылғы оқу жылында халықаралық және республикалық жарыстардан 66 павлодарлық оқушы олжалы оралды. Олар елімізде және Швеция, Индонезия, Белоруссия, Эстония, Әзербайжан, Ресейде өткен білім бәсекесінде 30 алтын, 45 күміс, 75 қола медаль еншіледі.
«Сіздердің жеңістеріңіз - бұл тынбай еңбектенудің, алға ұмтылудың, жігерлілік пен төзімділіктің нәтижесі. Сіздер кәсіби таңдау жолында алғашқы қадам жасап, болашақтың кірпішін нық қаладыңыздар», - деп атап өтті дарынды балаларға қарата аймақ жетекшісі Ерлан Арын.
Е. Арын салтанатты жиынға қатысушыларға «Дарын-2013» белгісін табыстап, сыйлықтармен марапаттады.