Павлодар облысының әкімі ҚР Кубогін иеленген «Павлодар» ерлер волейбол клубына автобус сыйлады
08:19, 05 Желтоқсан 2012
ПАВЛОДАР. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Баянтау» спорт сарайында ҚР 2012 жылғы Кубогінің иегері «Павлодар» ерлер волейбол клубының таныстырылымы өтті.
Спортшыларды жетістіктерімен Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын құттықтап, команда капитаны Нариман Сүлейменовке жаңа автобустың кілтін тапсырды.
Таныстырылым барысында олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушілері, жас спортшылар мен облыстық жетекші шығармышылық ұжымдар өнер көрсетті. Мереке «Павлодар» волейбол клубының қатысуымен жолдастық матчпен аяқталды.
Клубтың демеушілері қатарында - 7 кәсіпорын, атап айтқанда, Екібастұздық ГРЭС-1, «Қазақмыс» корпорациясы, «Рубиком» ЖШС және Павлодар мемлекеттік университеті бар.