«Өзіме білдірген сенім үшін алғыс айтқым келіп отыр. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қойған міндеттерін бірге іске асыратынымызға сенімдімін. Біздің міндетіміз - «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу сапасына нақты, пәрменді бақылауды қамтамасыз ету», - деп сендірді Б.Бақауов.
«Сонымен бірге, біз атқарушы биліктің барлық деңгейімен тиімді өзара ынтымақтастық жүйесін дұрыс құрып, бірлескен жұмысқа назар аударуымыз керек. Біз жастарды тарту орталығына айналып, оның қоғамдық-саяси әлеуметтенуіне шешуші түрде ықпал етуге тиіспіз», - деп атап өтті Б.Бақауов.