Соңғы апталарда 79 жылқы мен қой қолды болды. «Көрші облыстардан келетін үш банда түнді жамылып әрекет етеді», дейді Ақсу аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық полициясы бастығының орынбасары Ақылбек Теміржанов.
Ал зардап шегушілер барымташыларға ұрланған малды оңтүстікке қарай айдап әкетуге немесе етке өткізулеріне осы маңнан біреулердің көмек көрсетіп отырғанына сенімді.