Павлодар облысының Ақсу қаласынан кішкентай ер бала табылды
14:11, 21 Қазан 2013
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 21 қазан. ҚазАқпарат - Ақсу қаласындағы (Павлодар облысы) қараусыз қалған хоккей кортынан 19 қазан күні сол жерде тұратын әйел ұйықтап жатқан 3 жасар ер баланы тауып алған, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен.
Бала қамқорлық органына жеткізіліп, Ақсу орталық ауруханасына апарылды. 20 қазан күні оның жоғалғанын айтып, ешкім іздеп келмеген.
Сәбиге қатысты ешқандай мәліметтер анықталмады.
Баламен сөйлесу кезінде ол өзінің есімі Батырхан екенін түсіндірген. Ол орыс және қазақ тілдерінде сөйлейді. Онымен бірге Айсана деген күтуші отырса керек. Әкесі Марат жұмыс істемейді. Бірақ атасы жұмыс істейді. Әжесінің аты - Сайлау. Ол қалада тұрады. Құрмет және Дамир деген достары бар. Оның көршісі - Зарема есімді қыз бала (оның үйінде ақ машина бар көрінеді).