Павлодар облысының арнайы мектептерінде зияткерлік элита қалыптасуда
«Біз арнайы оқу орындарының түлектеріне үлкен үміт артып отырмыз. Ол мектептерде біздің елімізді ХХІ ғасырда бастайтын тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік элитасы қалыптасуда», - деді салтанатқа қатысқан Павлодар облысы әкімінің орынбасары Рысты Жұмабекова №8 лицей оқушыларының алдында сөйлеген сөзінде.
Дарынды балаларға арналған бұл лицей Қазақстанның үздік инновациялық мектептерінің ондығына кіріп отыр, - дейді оқу мекемесі директорының орынбасары Лилия Стадникова.
«Біз республикалық олимпиадада сегіз жүлделі отын алдық, ғылыми жобалардың конкурстары мен халықаралық жарыстардың жүлдегерлері атанған оқушыларымыз бар. Біздің оқушымыз Егор Клочков сегіз халықаралық және республикалық медальді қанжығалады. Республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері Диас Арғындықов беделді техникалық университетке түсуге дайындалуда», дейді Стадникова ханым.