Үлгілі ауылында балдырғандарға арналған алты шағын орталық, клуб және Ертіс ауданында балабақша ашылды. Баянауыл ауданының Егіндібұлақ және Теңдік ауылдарында жаңа клубтар, Александровка селосында кітапхана жұмыс істей бастады.
Ал Лебяжі ауданының селолық округтерінде балабақша, 60 орындық интернат және отбасылық типтегі балалар үйі ашылды. Железинка орта мектебінің жанында балаларды мектепке дайындау шағын орталығы іске қосылды.
Павлодар ауданының Максимовка, Жаңа қала селоларында клубтар, Достық ауылында медициналық қосын салтанатты жағдайда ашылды.