«Жергілікті атқарушы органдардың сәйкес қызметтері ашық су қоймаларындағы орындарды белгілейді. Кейін сүңгуірлер су қоймаларының табанын тексеріп, адамдардың жапа шегуінің алдын алу үшін жарақаттайтын заттардан тазартады», - деп мәлім етті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінен.
ТЖД жедел-құтқару отрядының бас құтқарушысы Ерқанат Аққузиновтың айтуынша, өлімге әкеліп соғатын жағдайлардың барлығы шомылуға арналмаған, қауіпті жерлерде орын алған. Статистиканың мәліметі бойынша, қаза тапқандардың 70 % - демалыс кезінде мас күйінде суға түскен адамдар. Ал балалардың өлімі көбінесе ата-ананың дұрыс бақылап, қарамағанынан болады.
«2018 жылдың басынан облыстың су қоймаларында сегіз адам құтқарылған, атап айтқанда, Павлодар мен Ақсу қалаларында 2 адамнан, Екібастұз, ҚАЭС-2-де 4 адам өлім аузынан қалған», - деді Төтенше жағдайлар департаментінен.
Фото: tv-mig.ru