Павлодар облысының білім мекемелері халыққа 10,9 млрд. теңгенің қызметін көрсетті
08:49, 22 Қыркүйек 2011
ВЛОДАР. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы білім ұйымдарының екінші тоқсанда көрсеткен қызметтерінің көлемі 10,9 млрд.теңгені құрады,
деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Оның 85,3 пайызы - бюджет қаражаттары, 13,8 пайызы - халықтан алынған ақшалар, 0,9 пайызы кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшасы.
Жалпы білім беретін мекемелер 5,8 млрд.теңгенің (жалпы төлемнің 53,2 пайызы), жоғары білмі мекемелері - 1,6 млрд. теңгенің (14,7), мектепке дейінгі балалар мекемелері - 1,4 млрд. теңгенің (12,8 пайыз) қызметін көрсетті. Техникалық және кәсіби орта білім ұйымдары 1,3 млрд. теңгеге (11,9 пайыз) қызмет ұсынды.
2011 жылдың екінші тоқсанында Павлодар облысында білім беру саласында 624 ұйым жұмыс істеді.