Павлодар облысының хоккей федерациясын өңір әкімі басқарды

None
ПАВЛОДАР. 13 қазан. ҚазАқпарат - Өңір басшысы Ерлан Арын «Ертіс-Павлодар» хоккей командасымен, спорт ардагерлерімен және жас спортшылармен кездесті, деп хабарланды қала басшысының баспасөз қызметінен.

Қала әкімі Павлодар облыстық Хоккей федерациясының құрметті президенті болып тағайындалатындығы туралы мәлімдемені спортшылар мен олардың көптеген жанкүйелері ду қол шапалақпен қабылдады.  

Е. Арын жиналғандарға өңірде спорттың дамуы, оның материалдық базасының нығайтылуы туралы айтып беріп, Хоккей федерациясының президенті қызметінде балалар мен жастар командаларына ерекше көңіл бөлетіндігін атап өтті.

Кездесуде жиналғандарға команданың клубы мен оның бас жаттықтырушысы, Словакиядан келген маман Юлиус Пензес таныстырылды.