Ал 2020 жылғы осы уақыт аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 54,3 миллиард теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 115,1 пайызға артқан. Құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5 миллиард теңгеге жетті.
Жалпы алаңы 48 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Департаменттің хабарлауынша, 2020 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 503,2 млрд теңгені құрады. Аталған кезеңде ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 26,6 млрд теңге болды.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың бизнес құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 44868 немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,2% құрады. 2020 жылдың 1 қаңтарына ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 134,5 мың адам немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,7% болды.
Айта кетейік, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 1858,9 млрд теңгеген жеткен.