Илдар Хасенов 1972 жылы туған. 3 жоғары білімі бар. 1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін кәсіптік оқыту, арнайы және техникалық пәндер мамандығы бойынша, 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша, 2005 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін юриспруденция мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитетінің жетекші маманы болып бастады.
1998 жылдан 2000 жылға дейін «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жою агенттігі» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының жетекші маманы, бас маманы, кейін директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2000-2001 жылдар аралығында «Керамика зауыты» филиалы «Альтрейд» ЖШС коммерция бөлімінің бастығы.
2002-2005 жылдар аралығында «Бура» ЖШС директорының орынбасары, «Қаржы берешектерімен жұмыс жөніндегі орталығы» ЖАҚ филиалының директоры болып жұмыс істеді.
2005-2013 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитет басқармасының бастығы, «Артель-Труд» ЖШС-нің материалдық-техникалық қамту бөлімінің бастығы, «Ертіс» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім бастығы, ҚР қаржы министрлігі республикалық мемлекеттік мүлікті басқару әдіснамасы және оңалту мен банкроттық рәсімдері департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2013-2015 жылдар аралығында «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық компаниясы» АҚ активтерді басқару және несиелеу бағдарламасын бақылау департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2015 жылғы қыркүйектен бастап Өскемен қаласының жұмыспен қамту орталығының директоры болып жұмыс істейді.