Павлодар облысы әкімінің орынбасары Рысты Жұмабекованың Н.Жустенмен болған кездесуінде әңгіме аймақтың экономикасы, әлеуметтік дамуы және мәдени өмірі туралы өрбіді. Елші әкімдіктің үкіметтік емес ұйымдармен белсенді өзара іс-қимылын атады.
Дипломаттар Еуроодақтың Қазақстанның сегіз облысында қаржыландыратын «Десент» павлодарлық қоғамдық қоры жобасының таныстырылымына қатысты.
Жоғары мәртебелі қонақтар үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен болған ақпараттық сессияда Еуроодақтың аймақтағы бағдарламалары мен жобалары туралы әңгімеледі. Олардың қатысуымен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Еуроодақтың тарихы мен қызметі, Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінің жұмысы туралы әңгімелейтін «Еуроодақ бұрышы» ашылды.