Павлодар облысының прокуроры журналистердің сауалдарына жауап берді

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің  15-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ -   Павлодар облысының прокуроры  Нұрмахан Исаев   республикалық және жергілікті  бұқаралық  ақпарат  құралдарының    тілшілерімен кездесті.

Ол    қадағалаушы органның ағымдағы жылдың  8 айындағы     жұмысы   туралы әңгімелеп берді.   Атап айтқанда,  прокуратура  қызметкерлері 501 тексеру  өткізіп,    10 141  заңбұзушылық  фактін  анықтаған,  17  ұйғарым    және 256  ұсыныс енгізген.

53  наразылық қанағаттандырылып,  14  заңсыз нормативтік  құқықтық актінің күші  жойылды  және  өзгертілді. 8 355 адамның  конституциялық құқығы  қорғалды.   Прокурорлық  үн қату актілері  бойынша 685   лауазымды тұлға  жауапкершілікке тартылды.   Сыбайлас жемқорлық  жасағандары  үшін 40 адам  жазаланды.

8 айда прокурорлар сондай-ақ,  1 911  азаматты  қабылдады -   халықпен кездесу  үшін   қалалар  мен  аудандарға   сапарлар     жалғасын   табады,  деп   атап көрсетті   облыс прокуроры  өз сөзінде.

Нұрмахан Исаев    қоғамдық    резонанс туғызған  істер бойынша соттардың  шешімдерін түсіндірді  және   журналистердің барлық сауалдарына  жауап  берді.