Павлодар облысының Тайынша ауданында заманауи спорт-сауықтыру кешені ашылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Тайынша ауданында заманауи спорт-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов желідегі парақшасында жазды.

«Жаңа жыл қарсаңында Тайынша ауданының тұрғындарына сыйлық жасалды. Аудан орталығында заманауи спорт-сауықтыру кешені ашылды. Спорт кешені бокс, күрес, ауыр атлетика, футбол, баскетбол, волейбол залдарымен және көрермендер трибунасымен жабдықталған.

Спорт кешені жас спортшыларды жүйелі түрде дайындауға мүмкіндік береді», - деді Әбілқайыр Сқақов.

Оның айтуынша, биыл өңірлде 6 спорт-сауықтыру кешені мен 5 жабық хоккей кортын салу басталған.


«Келесі жылы тағы 7 корт саламыз. Біз сондай-ақ ауыл клубтарын мәдени-демалыс орталықтары етіп қайта құрып жатырмыз, мұнда ауыл тұрғындары спортпен шұғылдана алады. ⠀

Жалпы, биыл спортты қаржыландыру 5,1 млрд теңгеден 6,1 млрд теңгеге дейін немесе 18% ұлғайтылды. Облыста 3 жылда барлығы 3 футбол алаңы, 77 мини-футбол алаңы, 25 волейбол мен баскетболға арналған спорт алаңы, 64 жаттығу кешені салынды», - деді әкім.