Павлодар облысының жаңа әкімі өткізген алғашқы отырыста жылумен қамту, жаңа жыл күндеріндегі құқықтық тәртіп мәселелері талқыланды
Оған қатысушылар жылу беру маусымының басталуын талқылады. Жылу энергетикасының көптеген нысандары қысқа даярлығы туралы төлқұжат алмаған, сондай-ақ Ертіс және Май аудандарында әлеуметтік нысандарға жылу беру үшін көмір толығымен жеткізілмегені белгілі болды.
Қ.Бозымбаев жылу беру маусымын олқылықсыз өткізуді қамтамасыз етуді талап етті. Энергетика басқармасына даярлық туралы төлқұжатты алу үшін материалдарды әзірлеп, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жолдауды тапсырды.
Облыс басшысы Павлодар, Екібастұз қалаларының және Баянауыл ауданы әкімдеріне желтоқсанның басында көптеген үйлердің шатырын жұлып әкеткен дауылдың салдарын жою жөніндегі барлық жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтауды жүктеді.
Өңір басшысы барлық қала және аудан әкімдерінің назарын жолдарды уақытылы тазалау, апаттық бригадалардың даярлығы мәселелеріне аударды. Ол қала және аудан әкімдіктерінде кезекшіліктің ұйымдастырылуын, мереке және демалыс күндерінде барлық апаттан құтқару қызметтерінің даярлығын қамтамасыз етуді тапсырды.