Павлодар облысының зиялы қауымы Демократиялық күштердің «Қазақстан-2020» жалпыұлттық коалициясына қосылды

None
ПАВЛОДАР. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда өткен облыс зиялыларының форумына мәдениет саласының қызметкерлері, шығармашылық одақтар мен бірлестіктердің өкілдері қатысты.

«Еліміздің барлық жаңа тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланысты. Павлодар облысына қарап-ақ Елбасының зиялы қауымға, мәдениет пен өнерге қандай қолдау көрсетіп отырғанын көре аламыз. Ел дамуының стратегиялық бағдарламаларының жүзеге асырылуын да біз, мемлекет дамуының кепілі - Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырамыз», деді жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген облыстық мәслихат депутаты, әдебиет және қнер мұражайының директоры Роза Игібаева.

«Егер елімізде тыныштық, бақуаттылық болсын десек, егер жас мемлекетіміз алға қарай жылжысын десек, біз Елбасымызды қолдауымыз керек»,- деді өз сөзінде филолог және музыкатанушы, профессор Наум Шафер.

Форумға қатысушылар барлық саяси партияларға, үкіметтік емес және жастар бірлестіктеріне, кәсіподақ және ардагерлер ұйымдарына үндеу тастап, оларды Демократиялық күштердің «Қазақстан - 2020» жалпыұлттық коалициясына қосылуға және Президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды қолдауға шақырды.