Павлодар оқушылары «Жеңіс алауы» эстафетасын Даңқ обелискінде аяқтады

None
ПАВЛОДАР. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жеңістің 65 жылдығына арналған павлодарлық оқушылардың «Жеңіс алауы» патриоттық эстафетасы сәрсенбі, мамырдың 5-інде Даңқ обелискінде аяқталды.

Жасөспірімдер, отанымыздың болашақ қорғаушылары Кеңес Одағы Батырларының ескерткіштерінің жанына құрмет қарауылына тұрды. Балалар майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне гүл шоқтарын табыс етті, хореографиялық композиция қойды, әскери әндер орындады.

Оқушылардың эстафетасы ағымдағы жылдың ақпан айында басталған болатын - жас павлодарлықтардың «Жеңіс алауы» соғыс ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесулер өткізілген қаланың 36 мектебінде болды. Майдангерлер соғыс жолдары мен фашистермен болған шайқастар туралы естеліктерімен бөлісті, Отанымыздың болашағы мен тәуелсіздігі үшін жандарын пида еткен жолдастары туралы әңгімелеп берді.

Ардагерлермен болатын мұндай тарих сабақтары өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, тыныштықты бағалап, сақтауға үйретері анық.