Павлодар ормандарына өрт қаупі төніп тұр – Владимир Беккер

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 4 облысында жоғары класты өрт қаупі туындаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы ВладимирБеккердің айтуынша, шілденің шіліңгір ыстығы орман алқаптарында өрт қаупін күшейтіп отыр.

«Соңғы аптап ыстықтарға байланысты еліміздің 4облысында жоғары класты өрт қаупі туындап тұр. Атап айтсақ, Ақмола, Шығыс Қазақстан,Қостанай обыстарында өрт қаупінің жоғарыкласы тіркелді. Ал Павлодар облысында орман алқаптарына өрт қаупінің бесіншікезеңі анықталды. Оны өрт қаупінің «төтенше класы» деп те айтады. Кеше ғана аталмыш өңірде 2 орманөрті тіркелді. Мұнда негізінен қылқан жапырақты орман шоғырланған», - дедікомитет төрағасы.

Владимир Беккердің айтуынша, жыл басынан беріел аумағында 296 орман өрті, 12 дала өрті тіркелген. Салдарынан жалпы аумағы 38 мың гектар алқапотқа оранған.

«Түркістанжәне Жамбыл облыстарында 9 дала өртіегіс алқаптарын шарпыды. Барлық егіс алқаптарының иесін осындай тосын оқиғаның алдын алу бойыншакешенді шаралар қабылдауға шақырамыз. Тым болмағанда егіс алқабының сыртынан 4метр ендікте жер жыртылған болуы тиіс. Осындай сақтық шаралары сақталмауысалдарынан 492 гектар егін күлге айналды», - деді ол.

ВладимирБеккер аптап ыстықта орманға ауатемпературасымен қоса жаңбырсыз найзағайдың көп қауіп төндіретінін айтады.

«Былтырғыкезеңмен салыстырғанда орман өрті 67 пайызға көп. Бұған биыл көктемнің былтырғыдан екі апта бұрын шыққаны да себепболып тұр. Соңғы аптада 20-ға жуық орман өрті сөндірілді. Негізгі себеп –найзағай. Мұны бізде «құрғақ найзағай»деп атайды. Менің өз тәжірибемде осындайжаңбырсыз найзағайдың салдарынан бір орман шаруашылығында 21 өрт тіркелген кезболды. 2002 жылы Шығыс Қазақстанда жұмыс істеп жүргенде болған оқиға бұл. Албиыл Павлодар облысында бір уақытта бір алқапта 3 жерден өрт шықты. Абыройболғанда,дер кезінде өшірілді. Өрт аумағы бір гектарға да жетпеді», - деді комитет төрағасы.

Еске салсақ,ҚР ІІМ Төтеншежағдайлар комитетініңтөрағасы Владимир Беккер арнайы брифингте өткен сенбі мен жексенбіде 22 адамныңсуған кеткенін айтқан болатын.