Сібір университеттер консорциумы аймақтағы жоғары білімнің зияткерлік ресурстарының басын біріктіріп, заманауи телекоммуникациялар мен қашықтықтан оқыту технологияларының негізінде ортақ ғылыми-білім кеңістігін құруды мақсат етіп отыр.
Павлодар педагогикалық университетін қауымдастыққа қабылдау туралы шешім қауымдастықтың 45 өкілінің қатысуымен Томбыда өткен жалпы жиналыста қабылданды. Олар - Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінің жетекшілері.
Қауымдастықтың жаңа мүшесін оның президенті, Томбы мемлекеттік университетінің ректоры Г.Майер құттықтап, табысты және ұзақмерзімдік ынтымақтастыққа ниет білдірді.