Жас ғалымдарға арналған жазғы мектеп 21 тамыздан бастап Новосібір мемлекеттік университетінде өткізілуде. Мұнда Италия, АҚШ, Жапония, Қытай, Абхазия, Қазақстан және Ресейден келген 80-нен астам зерттеуші жиналды.
Жас биологтарға Еуразияның орнитофаунасы мен құстар миграциясын зерттеудегі ғылыми және әдістемелік жетістіктер туралы айтып береді. Олар вирусология, молекулалық эпидемиология және эпизоотология, құстардың вирустық және бактериялық ауруларының тәжірибелік диагностикасымен танысады.
Сабақтардың негізгі бөлігі Новосібір облысындағы Чан көлінде Жануарларды топтастыру және экология институты ғылыми орниентологиялық стационарының далалық жағдайында өтеді.