Павлодар педагогикалық институтының профессорларына Ресей энциклопедиялық ғылымдар академиясы академиктерінің дипломдары табысталды

None
ПАВЛОДАР. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының үш ғалымы Ресей энциклопедиялық ғылымдар академиясы академиктері жоғары атағына ие болды,

деп хабарлайды жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі.

Кеше Ғалымдар кеңесінде Ресей энциклопедиялық ғылымдар академиясының төралқа мүшесі профессор Равиль Выфеев академиктер дипломдарын табыс етті.

Жоғары атақты ПМПИ-ның ректоры, философия ғылымдарының докторы, 34 ғылыми жұмыстың авторы Нұрғали Аршабеков иеленді.

Қазақстанның жетекші тіл маманы, филология ғылымдарының докторы, көптеген кітаптар мен ғылыми зерттемелердің авторы Зифа Темірғалиева академик атанды.

Ресей академиясының дипломы сондай-ақ филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлнар Сүйіноваға тапсырылды.