Павлодар педагогикалық институтының студенттері VIII Бүкілукраниналық олимпиададан жүлделі оралды
11:03, 06 Сәуір 2012
ПАВЛОДАР. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері VIII Бүкілукраниналық олимпиададан «Коррекциялық білім беру» мамандығы бойынша табысты оралды.
Наурыз айының аяғында Киевте өткен зияткерлік сайыстарға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Молдова және Украинаның студенттері қатысты, деп хабарлады ПМПИ-ның баспасөз қызметінен.
Олимпиада тапсырмаларына жазбаша тест тапсырмалары, байқаудың шығармашылық жұмыстарын ұсыну кірді. Қатысушылар жұмыстарын Укранинаның жетекші ғалымдары мен М.Драгоманов атындағы коррекциялық педагогика мен психология институтының мамандары бағалады.
«Үздік және ақпаратты таныстырылым үшін», «Үздік эксперименттік зерттеу үшін» және «Озық педагогикалық тәжірибені жариялау үшін» аталымдарында павлодарлық Гүлфия Рафикова, Қайырболат Темірболат және Мария Ткаченконың жұмыстары жүлделі болды.