Павлодар педогогикалық институтында жаңа ғылыми ұрпақ өкілдерінің бәсекеге қабілеттілігі талқыланды
20:04, 18 Наурыз 2013
ПАВЛОДАР. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен аптада Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында жас ғалымдардың бәсекеге қабілеттілігі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі.
Жас ғалымдар кеңесі және студенттік ғылыми қоғам ғалымдардың ғылыми-зертеу қызметіне, олардың кәсіби өсуіне оқытушылардың және болашақ педагогтардың назарын аударды.
Жалпы отырыста қазіргі заманғы Қазақстанда ғылымға деген қажеттілік, бәсекелестікке қабілетті мамандар - инновациялық қызмет ретінде талдау баяндамалары жасалды.
Секциялық сабақтарда оқытудағы ақпараттық технологиялар, «Қазақстан-2050» стратегиясы тұрғысынан жаңа әдістерді қолдану қарастырылды. Білім қоғамы жолында инновациялық білімді қпалыптастырудағы жастардың ролі талқыланды.