Оқиға 1 тамыз күні кешкі сағат 21:00-дер шамасында Павлодар қаласының Гагарин-Қамзин көшесінің қиылысында тіркелген. Өтіп бара жатқандар жаяу жүргіншіні қағып кеткен «Лада приора» көлігінің нөмірін есте сақтап, әлеуметтік желілерге ақпарат таратқан.
Бұдан хабардар болған Павлодар облысының ІІД қызметкерлері ауруханаларды тексеріп, зардап шеккен адамды таппапты. Ақыры, көп өтпей заң бұзушының кім екені анықталған.
«Instagram» әлеуметтік парақшаларында Қамзин-Гагарин көшелерінің қиылысында болған жол көлік апаты фактісі жарияланған бейнежазба бойынша полицейлер 32 жастағы автокөліктің жүргізушісін және 37 жасар жаяу жүргінші анықтады. Жүргізуші ҚР ӘҚБК 600-бабы, 1-тармағы бойынша 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапқа тартылды», - деп хабарлайды Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметі.
Облыстық ішкі істер департаменті жол-көлік апаты туралы хабарлаған және бейнематерилды жолдаған азаматтарға алғысын білдіреді.