«Кеше Железинск ауданы Моисеевка ауылында Ертіс өзенінің бетіне аяқ-қолы байланған, басына пакет кигізілген Дарья Николаеваның денесі қалқып шықты», - деп хабарлады еріктілер.
Полиция табылған дененің жоғалған 28 жастағы екі ананың баласы Дарья Николаева екендігін мәлімдеуге асығар емес.
«Нақты ол екендігі анық емес, - деді Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Руслан Оспанов.
«Тергеу шаралары жүріп жатыр».
Туыстарының айтуынша, Дарья декреттік демалыста жүрген кезде жоғалған. Ол Береговое ауылынан 2016 жылдың қазан айында өзінің күйеуіне Тереңкөлге жол тартқан. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Оның анасы полицияға хабар берген. Ол жерде «Адам ұрлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған, кейін оны «Адам өлтіру» бабына қайта ауыстырған.
15:27, 13 Қыркүйек 2017
Павлодар полициясы Ертістен табылған әйелдің мәйіті кімдікі екенін анықтауда
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында полиция Ертісте табылған әйелдің денесіне қатысты тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.