«Бірінші қыркүйек күні «Назар аударыңыз – балалар!» республикалық акциясы аясында патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді», – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінен.
Ведомствоның мәліметінше, әрбір мектеп жанындағы көше қиылыстарына жол қозғалысын реттеу үшін жол полициясының жасақтары қойылған. Өңірде барлығы 356 мектеп бар. «Бірінші қыркүйек күні құқық қорғау органдары жол қозғалысын реттеу үшін алатаяқты пайдалануға құқылы. Сондай-ақ олар оқушыларға жадынама таратады және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді», – деп толықтырды департаменттің баспасөз қызметінен.